Муайтайдан Атырау облысының ашық чемпионатының нәтижелері.

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Атырау Мұнай және Газ университетінде "Қайсар" спорт клубы, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Жас Отан Жастар қанаты Атырау облыстық филиалымен бірігіп муайтайдан Атырау облысының ашық чемпионатын өткізді. 110 спортшы қатысқан чемпионатқа Атыраулық муайтайшылардан басқа кикбокс пен у-шу федерацияларының спортшылары, және Батыс Қазақстанның командасы да қатысып, бақтарын сынады.

Чемпионат жеңімпаздары алғыс xатпен, алтын,күміс,қола алқалармен және сыйлықтармен марапатталды. "Қайсар" спорт клубының ұжымы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекет Азамат Бауыржанұлына, Жас Отан Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Гилажев Ринат Маратұлына және Атырау Мұнай және Газ университетінің ректоры Али Ажимұлы Абишевке алғыс білдіреді!

 

Другие новости »